Жаңалықтар тізбегі
0

Кәрім Мәсімовтің ұсталуына байланысты жаңа деректер пайда болды

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 13:37 Сурет: gov.kz
Тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда Кәрім Мәсімов отандық бизнес қауымдастығы мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК төрағасы лауазымында 2 млн доллар сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар Мәсімовтің премьер-министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 13:37

Сурет: gov.kz

2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн доллар мөлшерінде қолма-қол ақша, сонымен қатар көптеген құнды заттар – сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары алынды. Бұдан бөлек бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды.Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Оның мүліктеріне – Нұр-Сұлтандағы екі элиталық пәтер, Алматыдағы 2 пәтер мен дербес сарай, сонымен қатар Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақындарынан 5,1 млн доллары алынып, оған тыйым салынды.

антиквариант, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 13:37

Сурет: gov.kz

Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.Ұлттық қауіпсіздік комитеті

бассейн, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 13:37

Сурет: gov.kz

Барлық көрсетілген факті бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастырып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: