Жаңалықтар тізбегі
0

Риддерде құтқарушылар дәрігерлерге ауыр хәлдегі әйелді тасымалдауға көмектесті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2022 14:42 Сурет: ШҚО ТЖД
13 наурызда Риддер қаласының құтқарушыларына жедел жәрдем дәрігерлері бір әйелдің тасымалына көмектесуді сұрап, хабарласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шамасы, әйел адам рельспен жүріп келе жатып, аяғы тайып, теміржол көпірінен құлап кеткен. Тілден қалған әйелдің жағдайы өте ауыр болды.

Әйел құлаған жерде подъездің болмауы жағдайды қиындатты, сондықтан құтқарушылар төменге түсіп, зардап шегушіні зембілге мұқият салып, жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.

Құтқарушылар облыс тұрғындарына көктайғақ кезде өте сақ болуды ескертті. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай күндері зардап шеккендердің саны екі есеге артады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: