Экологтар кен тиеген вагондар құлаған Ертіс өзенін тексереді
Сурет: pixabay
Сарапшылар өзенге улы зат түскен-түспегенін анықтау үшін судан сынамалар алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз қазір су құрамында мырыш, қорғасын, мыс қоспасы сияқты ауыр металдар бар-жоғын анықтау үшін судың химиялық құрамына зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Ертең сағат 11:00-ге дейін оның алдын ала нәтижелері белгілі болып қалуы керек деп отырмыз. ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, темір жолдағы апат салдарын жоюға ҚТЖ-ның жүзден астам қызметкері жұмылдырылған.
Шығыс Қазақстан облысында 3 сәуірде Өскемен – Құмыстау теміржол учаскесінде 18 вагоннан тұратын жүк пойызы рельстен шығып кетті.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар және жүк пойыздарының кідірісі байқалмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript