ШҚО да түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Салдарынан 10 ұялы телефон, 70-ке жуық күмәнді таблеткалар мен алкоголдің иісі бар заттар жазасын өтеушілерге жетпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мекеме қызметкерлері қоршаудан темір тордың арғы жағына орама лақтырмақ болған азаматты ұстады. Ол жазасын өтеушілерге түрмеде қолдануға тыйым салған заттарды ерекше тәсілмен арнайы дайындап әкелгені анықталды.
Ер адамнан 10 ұялы телефон, 10 зарядтау құрылғысы, бес жұп құлаққап, 70-ке жуық таблетка мен өзіне тән иісі бар пластмасса бөтелкелерге құйылған сұйықтық тәркіленді. ШҚО бойынша ҚАЖД-ның ресми өкілі Салтанат Ожиканова
Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript