Риддерде бір жасар бала есікті іштен құлыптап алып, пәтерде жалғыз қалып кеткен
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оқыс оқиға Клавдия Семенова көшесінде сәбидің анасы подъездің есігін ашуға шығып кеткенде орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланың анасы есікті өз бетімен ашуға тырысты, бірақ онысынан түк шықпады, өйткені пәтер төртінші қабатта. Ақыры ол құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады. №1 МӨСБ қызметкерлері шақырту орнына шұғыл жетіп, баспалдақтың көмегімен пәтердің балконына ішке кіріп, есікті ашты. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бала зардап шекпеген.
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Жыл басынан бері ШҚО ТЖД қызметкерлері есігі іштен құлыпталып қалған пәтер мен үйлерден 50-ден астам баланы құтқарды.
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді және ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript