Алматы облысындағы тас жолда Gelandewagen аударылып, үш адам қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысындағы тас жолда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды: үш адам жан тәсілім етті. Қажет сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 30 мамырда Сарқан ауданында болған.
Gelandewagen көлігін Алакөл ауданының 29 жастағы тұрғыны жүргізген. Көлік Алматы – Өскемен тас жолының 443 шақырымында аударылған.. Оқиға кезінде жол талғамайтын көлікте үш ересек адам мен төрт жас бала болған. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Тағы төрт зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомствода атап өткендей, тергеуді облыстық тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі ( Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript