ШҚО-да дәретхана шұңқырына түсіп кеткеніне бірнеше күн болған күшік құтқарылды
Сурет: видеодан алынды
Шығыс Қазақстан облысында кішкентай күшік дәретхана шұңқырына түсіп кетіп, онда бірнеше күн қалып қойған. Құтқарушы мен полицей оны шұңқырдан алып шығып, құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға 5 маусым күні Жарма ауданының Салқынтөбе ауылында орын алды.
Құтқарушы Дәулет Ғабдуллин мен учаскелік полиция инспекторы Дастан Аминов көмекке келіп, қолдан таяққа ілгек жасап, дәретхана шұңқырынан оны аса бір сақ қимылмен шығарып алды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Құзырлы ведомстводағылар атап өткендей, ауыл тұрғындары күшікті аман алып шыққаны үшін Дәулет пен Дастанға алғыс білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript