80,5 млн теңге: Түркістан облысында қаржы пирамидасы анықталды
Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін тартылған қаражатты басқа мақсатта жұмсаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомство пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңге болғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімдемеде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript