Өскеменде балалар үйінен жоғалып кеткен қыз табылды
Сурет: pixabay
Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын 10 маусымда Өскемен қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» жедел арнасына тәрбие мекемесінің 47 жастағы қызметкері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәрбиешінің айтуынша, бойжеткен балалар үйінің ғимаратынан шығып, қайта оралмаған.
Өскемен полициясының жеке құрамы дереу іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалғанды таныстарының үйінен тапты. Бойжеткен бұл әрекетін балаларға арналған баспанада өмір сүргісі келмейтіндігімен түсіндірді.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қыз тәрбиешілердің қамқорлығына қайтарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript