ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының жеті қызметкері сотталды
Сурет: freepik
Олар 2021 жылғы шілде-қыркүйек аралығында жүк тасымалдаушылардан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алып келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Олар 2021 жылғы шілде-қыркүйек аралығында алдын ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұру және жалпы қамқорлық үшін 10-нан 300 мың теңгеге дейін пара алып келді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Агенттіктің хабарлауынша, бұдан бөлек, инспекторлар тексеру іс-шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды.
Іс жүзінде олар тек көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды сұрау процесін тіркеген. Бақылау рәсімінің өзі тіркелмеген, ал қолда бар 289 бейнежазба бойынша күндер мен уақыттарда сәйкессіздіктер анықталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript