Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандықтар осымен бесінші күн іздестіріліп жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кеткен Үндістаннан келген екі студентті іздестіру бес күннен бері жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақсу өзенінің тыйым салынған аумағында суға түсіп, батып кеткен екі студентті іздестіру осымен бесінші күн жалғасып жатыр. Іздестіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған: барлығы 58 адам.Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар департамент қызметкерлері өзен арнасының каньонын зерттеу кезінде қиын болуына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы тартылғанын да түсіндірді.
Еске салайық, 26 маусым күні кешкі уақытта Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде (Ақсу өзенінің Ақсу шатқалында) 2001 жылы туған екі студент белгісіз жағдайда суға батып кеткен еді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бір топ студенттері (барлығы 22 адам, бір мұғалім мен 21 Үндістан азаматы) Шымкенттен келгені айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript