ШҚО-да алтынды заңсыз жолмен өндірмек болғандар өзен арнасын бұрған
Сурет: ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушылар алтын өндіру үшін Құлынжон өзенінің арнасын өз еркімен бұрып алып, өңір экологиясына залал келтірген. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башевтің сөзінше, экология саласындағы проблемалар – өңірдегі өзекті мәселелердің бірі.
Ол «алтынды заңсыз өндіріп жатыр» делінетін жерлерге барды.
Жер қойнауын пайдаланушылар «Құлынжон» өзенінің арнасын өз еркімен бұрған, сол арқылы өңір экологиясына үлкен залал келтіргені анықталды. Самар ауылының бірқатар белсенділері осы іс бойынша шағым жазды, қазіргі уақытта уәкілетті органдар тексеру жүргізуде.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев
Департамент өкілдерінің айтуынша, қазір ол жерді уәкілетті органдар тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript