Өскеменде жанармай құю бекетінде оқыс оқиға болып, бір адам қайтыс болды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде жанармай бекетінде жанар-жағармай бөшкесін тазалау кезінде оқыс оқиға болып, салдарынан ер адам қаза тауып, жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 шілдеде сағат 08:52 шамасында Өскемен қаласының Промышленная көшесінде (жанармай құю станциясының аумағында) жанар-жағармай бөшекесін тазарту кезінде ауа қоспасы жарылды. Апат салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ құтқарушылар шұңқырдан 1980 жылы туған ер адамның денесін шығарды.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм резервуарды тазалап жатқан, оған 2010 жылы туған туысы көмектескен. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство апаттың себептері анықталып жатқанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript