Өскеменде алкоголь өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды
Сурет: polisa.kz
Құрамында спирті бар өнім Өскемен қаласындағы өндірістік базалардың бірінде ұйымдастырылған. Бұл туралы ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Цехтың қызметкерлері суррогатты алкогольді антисанитарлық жағдайда спиртке су, түрлі бояулар мен дәмдеуіштер қосу арқылы жасап отырған. Бөтелкелерге жалған акциздік маркалар мен түрлі отандық арақ шарап шығартын зауыттардың этикеткалары жапсырылған.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомство екі цехтың ішіне тінту жүргізу барысында 16 мыңнан астам өткізуге дайын тұрған қолдан жасалған алкоголь өнімдері, 715 литр спирт, 15 мыңнан аса жалған акциздік маркалар алынғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript