Қаңтар қақтығысы: 286 күдікті қамауда
Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге қатысты жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда барлық қылмыстық істер бойынша 286 күдікті қамауда отыр. Олардың қарақшылық шабуылдарға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсене қатысқаны анықталды. Әрбір қамауға алынған адам бойынша ауыр қылмыстарға қатыстылығы мен белсенді қатысуы туралы мәліметтер жеткілікті.ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов
Жалпы, республика бойынша 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript