ШҚО-да лауазымды тұлғалар қарттар үйіне тиесілі 7,4 миллион теңгені жымқырған
Сурет: pexels
ҚМА ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларды тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лауазымды тұлғалар 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында қарттар мен мүгедектер үйінде орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript