Өскеменде Ертіс суынан жағымсыз иіс шығуына байланысты тексеріс басталды
Сурет: Zakon.kz
Тұрғындар өзеннің мөлдір суы сабын төгілгендей лайланып кеткенін байқап, дабыл қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде осы сипатта апта басында видео пайда болды. Видеожазба авторының айтуынша, өткен жексенбі күні өзеннің "Ғашықтар аллеясы" тұсы ластанған. Ол судың арнасы ағарып кеткенін көрсетіп, одан жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтады. Өзеннің қала ортасымен өтетін бөлігі болғандықтан, жақын аймақта ешқандай өндіріс ошағы да жоқ екен. Сондықтан химиялық қалдықтар құйылуы мүмкін деген болжам қарастылмайды. Қазір экологтар өзен суынан сынама алып тексеріс жүргізіп жатыр. Су деңгейі төмендеп кеткендіктен жағада дақтар қалған. Жағымсыз иіс те қолқаны жарады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мамандарымен оқиға орнына жедел жетіп, судың ластану дерегі расталды. Бірақ қалай ластанғанын анықтау мүмкін болмады. Алынған сараптама қортындысы әзірге дайын емес. ШҚО экология департаменті зертхана-сараптама бақылау бөлімінің бас маманы Айнагүл Тоқанова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript