Қостанай қаласында өртенген қару-жарақ дүкені: Қаза тапқандар саны артты
Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 қыркүйекте Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
50% дене күйігімен қалалық ауруханаға ауыр халде дүкен директоры жатқызылды.
Алдында үйінділердің астынан жеке басы әлі анықталып үлгермеген екі ер адамның денесі табылғаны хабарланған. Шамамен қаза тапқандар 20 және 35 жаста.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript