Солтүстік Қазақстан облысында қылмыс жасаған күдікті Өскеменде ұсталды
Сурет: polisia.kz
Биыл наурызда 31 жастағы күдікті бір топ адаммен бірігіп, Солтүстік Қазақстан облысы Үлкен жүзім ауылында ауыл тұрғындарының бірінің үйіне түсіп, 6 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен еді. Ұрлықшы Өскеменнен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 қыркүйекте жедел іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментіндегі әріптестерімен бірге Өскемендегі қонақ үйлердің бірінде іздестірудегі ұрыны ұстады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қылмыс жасағаннан кейін ұрлықшы басқа жаққа қашып кетіп, ізін суытқан.
Төрт ай бойы тәртіп сақшылары Қазақстанның басқа өңірлерінде күдіктіні іздестіруді тоқтатқан жоқ, нәтижесінде күдікті қолға түсті. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript