Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында тұрғындардың атынан несие рәсімдеген жігіт ұсталды

теңге, ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 14:14 Сурет: Zakon.kz
Жетісай аудандық полиция басқармасына бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн-несие алып, 100 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал екінші арызданушының атынан 70 мың теңге несие алып, оны банкке қарыз еткен. Жәбірленуші берешегі көбейіп, банктен хабар келгенде тәртіп сақшыларына хабарласып, мән-жайды анықтауға көмек сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Жәбірленушілерге келген шығын 1 миллион теңгеден асады.

Арызданушылардың шағымына сәйкес, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол бұрын алаяқтықпен сотты болған орта жастағы азамат болып шықты.

Күдікті таныстарына хабарласып, олардың банк кәртасы нөмірлері мен төлқұжат көшірмелерін сұраған. "Біреу ақша салатын еді" деген сылтаумен жәбірленушілердің нақты мәліметтерін алған алаяқ одан әрі арам ойын жүзеге асырған. Жәбірленушілердің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан шағымданушылардың есепшотына түскен ақшаны өзіне аудартып алады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Жетісай аудандық Полиция басқармасы.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіне қатысты жеке, құпия деректерді ешкімге бермеңіз деп ескертеді. Олар банк карточкалары мен жеке куәлікке, жалпы құжаттарға ұқыпты болуға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: