ШҚО-да орман өрттерінен келтірілген залал көлемі 288 млн теңгеден асып түсті
Елдің шығысындағы орман өрттерінен келген залал көлемі 288 млн теңгеден асып түсті. Бұл - қыркүйектегі өрттерді, яғни бүкіл өңірде от тұтану фактілері бірінен кейін бірі тіркеліп жатқан кезді қоспағандағы залал, деп хабарлайды "Хабар 24".
Атап айтқанда, Қатонқарағай ұлттық паркінің, Күршім және Үлкен Нарын орман шаруашылықтарының территориялары ішінара зардап шекті.
Қазір орман инспекциясының қызметкерлері аталған оқиғаларды тергеумен шұғылданып жатыр. Мамандар өрт болған орында жұмыс істеп, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, биыл Шығыс Қазақстан облысында 324 өрт ошағы тіркеліп, 10 мың гектардан астам орман-дала алқаптарының көзі жойылды. Тексеру нәтижелері аптаның соңына қарай жария болып қалады.