Өскеменнің өрт сөндірушілері көпқабатты үйден 30 адамды эвакуациялады
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өрт 3 қазанда Өскемен қаласындағы Потанин көшесінде болды. 9-қабаттағы пәтер өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері балконның ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімі түтінденген подъезге кіріп, барлау жұмыстарын жүргізіп, 30 тұрғынды эвакуациялады, оның екеуі – бала. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Төменгі қабаттардың тұрғындары пәтерлерінен өз бетінше шықты. Өрт сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Барлығы 24 адам мен жеті техника жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript