Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауып, бір бала қаза тапты

Түркістанда жауын, су басу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 15:50 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Түркістан облысында 26 қазан күні сағат 01:00-ден 07:00-ге дейін қатты жаңбыр жауды. Екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазығұрт ауылындағы үйдің ауласында 2020 жылы туған бала қайтыс болды. Үлкендердің қарауынсыз қалған ол жаңбыр суы толтырылған шұңқырға құлап, батып кеткен.

Сонымен қатар басқарма жеке тұрғын үйді, 21 ауланы су басқаны туралы хабарлады. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш өңірлерінде 13 бас ұсақ мал өлген.

Қазір суды сору жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.

Су басқан жағдайда не істеу керек?

  • Қажет құжаттарды, құнды заттарды, дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да қажет заттарды тез жинап алу қажет.

  • Балаларға, мүгедектігі барларға және қарттарға көмек көрсету қажет. Әуелі оларды эвакуациялау керек.

  • Су басу аймағынан мүмкіндігінше тезірек кету керек.

  • Үйден шықпас бұрын электр қуатын және газды, пештердегі өртті өшіру керек. Терезелер мен есіктерді жабу қажет.

  • Малды босату қажет.

  • Жоғарғы қабаттарға көтерілген дұрыс.

  • Суға түскеннен кейін өзіңізден ауыр киім мен аяқкиімді шешіп, көмек келгенше пайдалануға болатын заттарды жақын жерден табуға тырысу қажет.

Ведомство хабарлағандай, су азайған соң, үзілген және салбырап қалған электр сымдарынан сақ болу керек.

Сонымен қатар суға түскен тағамды пайдалануға және тиісті санитарлық тексеріссіз су ішуге тыйым салынады.

Су басылғаннан кейін тұрғын үйге кірер алдында мына сақтық шараларына мән беру керек:

  • желдету үшін есіктер мен терезелерді алдын ала ашу керек;

  • бөлмені желдетпейінше ашық отты қолданбау керек (газдардың жарылғыш және жанғыш концентрациясы болуы мүмкін);

  • электр желілерінің жұмысқа жарамдығы тексерілгенге дейін жарықтандыруды және басқа электр құралдарын қосуға тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: