ШҚО-да боранға байланысты екі жол учаскесі жабылды
Сурет: Ақмола облысы ПД
"Қазгидромет" РМК 27 қарашада күндіз ШҚО-да -31, ал түнде -33...35 градус аяз болады деп болжайды. Өңірдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ ызғарлы аязда боран борап, жолдарда қолайсыздық туғызу ықтималдылығы жоғары екені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі өңір аумағында бірнеше жол учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылғанын хабарлайды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты мына жол учаскелерінде көлік қозғалыстары шектелді:
республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" тас жолының 0-124 шақырымында (Қалжыр мен Марқакөл ауылдарының аралығы),
облыстық маңыздағы "Алтай-Чапаево" тас жолының 0-36 шақырымы.
Облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс жолға шығар алдында барынша абай болуға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаған кезде бірден "112" телефон нөміріне қоңырау шалу ескертіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript