Түркістан облысында із-түзсіз кеткен қарияның мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
8 қаңтарда Шүрен төбе маңынан Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаевтың мәйіті табылды. Оны полициямен бірге іздеуге шыққан екі ауыл тұрғыны тапты. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz порталының жазуынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
5 қаңтарда Молдабек Игенбаев үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздеуге полицейлер, еріктілер мен ауыл тұрғындары шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript