Түркістан облысының тұрғынынан трамадолдың мыңнан астам таблеткасы тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері Келес ауданы аумағында жергілікті тұрғынды тексеру кезінде одан трамадол препаратының әрқайсысында 10 таблеткадан болатын 26 пластинасын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz басылымының жазуынша, ол сатуға тыйым салынған дәріні Сарыағаш ауданының тұрғынынан алғанын айтқан. Шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізген жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын да анықтап, оны 40 қаптама әсері күшті препаратты сату кезінде ұстады.
Тәртіп сақшылары ауыл тұрғынының қалтасынан трамадолдың 3 пластинасын тапты. Дәрілік препараттың жалпы саны 100-ден астам пластинаны немесе трамадол препаратының 1000-нан астам таблеткасын құрады
"Жинақталған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу) бойынша тіркеліп, тиісті шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тапсырылды" делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript