28 жастағы түркиялық қақпашы жер сілкінісі кезінде көз жұмды
Сурет: wikimedia
Оның денесі Малатия қаласындағы қиранды астынан табылды.
Түркияның «Ени Малатьяспор» клубының қақпашысы, 28 жастағы Ахмет Эюп Туркаслан жер сілкінісі салдарынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның денесі Малатия қаласындағы қиранды астынан табылды. Өкінішке орай, ол өзі тұратын тұрғын үй қираған кезде ауыр жарақат алған. Құтқарушылар спортшының әйелі мен баласын құтқарып қалды.
Айта кетейік, Эюп Туркаслан 2021 жылдың жазында «Умраниеспордан» «Ени Малатьяспор» клубына ауысқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript