Жаңалықтар тізбегі
0

Сауран ауданында су тасқынынан болған залал көлемін арнайы комиссия анықтап жатыр

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 19:17 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпан айының басында Сауран ауданындағы Шаға мен Бабайқорған ауылдық округтерінде су тасқынының екпіні мен көлемі жоғары болуына байланысты елдімекендерге су кірді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жедел жұмыстар атқарылып, жағдай бақылауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай болған Шаға, Бабайқорған ауылдық округтерінде жедел әрекет ету штабтары құрылып кезекшіліктер ұйымдастырылды. Ауылдарда зардап шекендерге келтірілген залалды анықтау мақсатында арнайы комиссиялар құрылды.

"Комиссиялар зерделеу жұмыстарын жүргізіп, (фототүсірілім, мемлекеттік акт т.б.) дәлелді құжаттар жинақталуда. Қауіпсіз жерге 177 адам көшірілді, 107-і – балалар. Су тасқыны кезінде 152 үйдің ауласына су кірген. Жалпы, жұмылдырылған техникалар саны – 48. Қызметкерлер саны – 97. Бөгет жасауға 8100 қап құм қолданылды. 10000 дана қап резервте дайын тұр. Су тасқыны салдарынан Шаға ауылдық округі, Шаға елдімекенінде табиғи газ құбырына зақым келіп, ол жедел қалпына келтірілді. Ауыз су жүйесі де қайтадан іске қосылды. Шаға елдімекені көшелеріне 150 шаршы метр тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы 3 тонна көлемінде жанар-жағармай жұмсалды". Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік жергілікті резервтен Шаға, Жүйнек, Үшқайық елді мекендеріндегі каналдарға механикалық тазалау жұмыстарына қаржы қарастырылғанын жеткізді.

"Сауран ауданына қарасты басқа да ауылдық округтерде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қауіпті жерлерге қосымша арықтарды механикалық тазалау, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп, жолдар қалпына келтіріліп жатыр. Аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Сауран ауданы әкімдігінің барлық қызметкерлері, ерікті жасақшылар жұмылдырылып, техникалар тартылып, тиісті шаралар атқарылуда. Қазіргі таңда жағдай тұрақты", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы өтіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: