Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың шаршы метрден асады.
Жедел келіп түскен ақпарат бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.
"Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйіндімен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түсуде. Соған қарамастан Қазақстан құтқарушылары барынша тиімді жұмыс істеуде". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстан құтқарушылары осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.
Сурет: ҚР ТЖМ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript