ҚР ТЖМ вице-министрі Түркиядан байланысқа шығып, соңғы мәліметтерді ұсынды
Сурет: видеодан алынды
ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркияда жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару операциясы орнынан байланысқа шығып, соңғы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 9 ақпанда Қазақстан Республикасының құтқарушылар тобы Түркияның үш қаласында іздеу-құтқару операциясына қатысып жатыр.
"Атап айтқанда, бұл - Газиантеп қаласы, Нұрдағы елдімекені және Хатай қаласы. Бүгінгі таңда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қирағат ғимараттар мен үйінділер астынан 10 адамның мәйіті және төрт адам тірідей табылды. Біздің құтқарушылар екі ауысыммен, яғни күндіз-түні үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті заттар бізде жеткілікті. Жергілікті әкімдік пен осы мекеннің құтқарушы басқармаларымен жұмыстар үйлестірілген". ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев
Айта кетсек, 9 ақпанда Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript