Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда үйінді астынан өлі табылған Қазақстан азаматына қатысты тың мәлімет жарияланды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 21:52 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылғанын хабарлады. Марқұм Әділ Қадырбеков екені нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәйіт туыстарына көрсетіліп, олар оны таныған.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәліметті растап, толыққанды ақпарат ұсынды.

"8 ақпанда кешке қарай Хатай провинциясының Антакия қаласында құтқару және іздеу жұмыстары кезінде Түркия азаматы тірідей табылды. Бастапқыда ол Құбылай Кескин делінді, алайда туыстары кейін бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бүгін 9 ақпанда таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екі адамның мәйіті табылды, оның бірі түрік азаматы Құбылай Кескин, ал екіншісі ҚР азаматы Әділ Қадырбеков болып шықты. СІМ марқұм отандасымыздың денесін елге жеткізуге барынша жәрдемдесетін болады". ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров


Сондай-ақ ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан құтқарушылары түрік әріптестерімен бірге Мирболат Құрмашевты да іздеуді жалғастыруда.

Айта кетсек, бүгін Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: