Түркияда үйінділер астынан табылған Сәбина Мамадиярованың қолына ота жасалды
Сурет: Telegram/Rescue KZ
Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып, кейін үйінді астынан аман табылған Сәбина Мамадиярованың жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Сәбина Мамадияроваға қажетті медициналық көмек беріліп жатыр.
"Жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадиярованың жағдайына келсек, ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған қолына операция жасалды, денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады".Айбек Смадияров
Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Хатай қаласындағы үйінділер астынан Қазақстан азаматы Сәбина Мамадиярова аман-есен табылды. Оның қолы сынған. Ол сол кезде-ақ аурухана жеткізілген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript