Абай облысындағы моншада шыққан өрттен адамдар зардап шекті
Сурет: видео скрині
Абай облысындағы моншада шыққан өрттен екі ер кісі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда кешкі сағат 7 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде монша кешенінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Газгольдердің жеке тұрған үй-жайында газ ағып, алдын-ала болжам бойынша жалпы ауданы 75 шаршы метр жақын маңдағы қазандыққа таралған. Өрт кезінде екі ер кісі зардап шекті", - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті жоюға барлығы 8 бірлік техника мен жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript