Жаңалықтар тізбегі
0

Түркиядағы отандық құтқарушы топ: Күніне 35-тен аса адам медициналық көмекке жүгінеді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 10:07 Сурет: ҚР ТЖМ
Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан Қазақстан ТЖМ құтқарушылары мен дәрігерлері туралы толыққанды жаңа мәлімет ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

"Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 19 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды", делінген хабарламада.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 10:07

Сурет: ҚР ТЖМ


Сондай-ақ Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде.

"Газиантеп қаласында пневмокаркасты модуль негізінде медициналық бекет орнатылды, ол жеке құрамды жылыту үшін де қолданылады. ТЖ салдарынан зардап шеккендерге, құтқарушыларға, сондай-ақ зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына шұғыл көмек көрсету біздің негізгі міндетіміз болып табылады. Күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді. Олардың ішінде стресстің жедел реакциясымен, тыныс алу жолдарының ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен байланысты аурулар басым. Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету тәртібінде жергілікті органдармен өзара іс-қимыл жасаймыз". ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы Жазылбай Қозыбахов

Сондай-ақ, оның айтуынша, күн сайын жеке құрамның жылыту пунктіне зардап шеккендердің туыстары мен жақындары, орта есеппен 40-50 адам кіріп жылынады. Апаттар медицинасы орталығының медициналық пункті мен медициналық қызметі барлық қажетті медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. 


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 10:07

Сурет: ҚР ТЖМ


Газиантеп қаласы бірінші эшелонның жұмыс жүргізу ауданы болып белгіленді. Мұнда жұмыстар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жүргізіліп жатыр.

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 4 қаза тапқан әйелдің денесі шығарылды.  


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 10:07

Сурет: ҚР ТЖМ


Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Ғимараттың 3-қабатына дейін инженерлік техниканы пайдалана отырып, демонтаж жүргізілді, үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Қайтыс болған 6 адамның денесі шығарылды.

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған 4 адамның денесі шығарылды.

Қазақстанн ТЖМ құтқарушыларының екінші эшелоны Түркияға келген сәттен бастап іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Екінші эшелон үшін іздеу орны Нурдагы - Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 10:07

Сурет: ҚР ТЖМ


"Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді. Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді. Қайтыс болған бір адамның денесі шығарылды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Хатай елдімекеніне құтқарушылар тобы және кинологиялық есептоптар жіберілді. Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй. Осы объектіде 9-10 ақпанда үйіндінің астынан қаза тапқан үш адамның денесі шығарылды, оның бірі – Қазақстан азаматы, екеуі – Түркия азаматы.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 10:07

Сурет: ҚР ТЖМ


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: