Жамбыл облысындағы тас жолда 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысындағы тас жолда 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"11 ақпанда Жамбыл ауданында "Алматы-Термез-Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында (534-593 шақырым) 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды. Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі", - делінген хабарламада.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб ұйымдастырылды.
Сонымен қатар "жедел желі " телефондары ашылды": 8 (7262) 513575, 514167.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript