Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда құтқару жұмыстары аяқталуға жақын

Зілзаладан зардап шеккендер көп, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 17:22 Сурет: pixabay
Алапат зілзала болған Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқтала бастады. Қазақстандық құтқарушылар да өздеріне сеніп тапсырылған учаскелерде жұмыстың басым бөлігін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар енді бірнеше күнде елге қайтады.

Түркиядағы құтқару жұмыстарына Қазақстаннан барлығы 97 адам және 6 техника қатысты.

Қазақстандық топтың құрамында құтқарушылар, кинологтар мен дәрігерлер бар. Біздің құтқарушылар негізінен екі қалада жұмыс істеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Газиантеп және Нұрдағы. Газиантепте үш ғимараттың үйінділерінен адамдарды іздеу-құтқару жұмыстарымен айналысқан біздің жігіттер 4 адамды тірі алып шықты.

Қазір екі ғимараттағы құтқару жұмыстары толық аяқталды. Үшінші ғимаратта да аяқталуға жақын. Ал Нұрдағы қаласында қазақстандық құтқарушылар 7 қабатты бір ғимаратта жұмыс істеді.

Ол жерден үш адам тірі шығарылды. Медицина мамандары осы күндері 200-дей адамға көмек көрсетті. Олардың қатарында 30-ға жуық бала да бар.

Көбіне жергілікті тұрғындар дәрігерлер қарауына жеңіл жарақаттарын емдетуге және күйзелістен шығу жолдарын іздеп келген.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін біздің құтқарушылар барлығы 7 адамды үйінді астынан аман алып шыққан. Ал 88 адамның денесі шығарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: