Түркияда жүрген Қазақстан құтқарушыларының алғашқы легі қашан елге оралатыны белгілі болды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін көмекке аттанып, іздеу-құтқару жұмысымен айналысқан Қазақстан құтқарушылары елге біртіндеп орала бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құтқарушылардың бірінші эшелоны Түркиядан Алматы қаласына 2023 жылы 18 ақпанда сағат 23.10-да келіп жетеді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылары Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқаруды тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қазақстан құтқарушылары толығымен қираған ғимаратта адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажет көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыс істеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript