Қонаевта зейнеткер қарттар үйінде асылып қалды
Almaty.tv-нің хабарлауынша, марқұм Қонаевтағы арнаулы қызмет көрсету орталығында тұрған.
"Қайтыс болған кісімен бірге Сарқанттан ауысып келгенбіз. Содан бері осындамыз, екеуіміз жақсы дос болдық. Әр адамның жүйкесі жұқарады, сол сыр беріп, шыдамаған болар. Мен де сондай қартпын, ешқайда шыға алмаймын, көзім көрмейді". Тұрақұл Қалиев
Ал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының сөзінше, қарияның қайтыс болуына қызметкерлердің қатысы жоқ. Ол марқұм Сергей Цойдың "қатты қызғаншақ болғанын және осы орталықта Наталья есімді әйелмен көңіл қосқанын" айтқан.
"Бір жылдан бері өзінен 30 жас кіші келіншекпен бірге тұрады. Есімі Хвостова Наталья. Бұл жерде ешкімнен қысым болған жоқ, координаторды шақырып, сұрасаңыздар болады". Шарапат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Нұрғали Тортаев
Марқұммен бірге тұрған әйелдің сөзінше, ол ішімдік ішпеген. Сергей Цой асылып қалған түні алдын ала хабарласып, "өзін жақсы көретінін айтып қоштасқандай болған", бірақ сол түні Наталья орталықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін арнайы бөлмеде қамауда болған.
"Олар оны жаныма жолатпады. Ол досына шаршағанын айтқан". Наталья Хвостова
Марқұмның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.
"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықтық құрамның белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр". Облыстық ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайдилдин
Қонаевтағы қоғам белсендісі де әлеуметтік орталықтағы тұрғындардан арыз-хат жиі түсетінін айтқан. Өзі де жиі келіп, қарттардың жағдайын біліп тұрады екен.
"Мүмкін жеке басының намысына тиетін сөздер айтылған шығар. Жеке ойым, адамды асылып қалуға итермелеген мәселе бар, себебі адам қартайған сайын әр күнін бағалайды". Қоғам белсендісі Лина Черказьянова
Қонаевтағы "Шарапат" арнаулы көмек көрсету орталығында 122 қызмет алушы бар екен. Орталықтағы жағдайды енді прокуратура да жіті бақылауға аламыз деп отыр.