Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ биыл Қазақстанда 604 есірткі сайтын жапқан

ІІМ биыл Қазақстанда 604 есірткі сайтын жапқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 12:05 Сурет: Zakon.kz
Дегенмен сайттарды жабу мәселені түбегейлі шешпейді деп есептейді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов. Ол үкімет отырысында есірткімен күрес барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, есірткіні «телеграм-боттар» немесе басқа да интернет-ресурстар арқылы сату кеңінен тарап жатыр. Мысалы, биыл тіркелген әрбір жетінші есірткі қылмысы интернет арқылы сатумен байланысты.

"Әрине, біз мұндай инкогнито интернет-дүкендерді жауып жатырмыз. Биыл 604 есірткі сайтын жаптық. Бірақ бұл шара мәселені түбегейлі шешпейді. Өйткені жаңа сайттарды ашу тез, ал оны анықтау ұзақ. Ұйымдастырушыларды анықтау одан да күрделі. Себебі, олар шетелдерде орналасқан". ІІМ басшысы Марат Ахметжанов

Сонымен қатар министр мұндай заңсыз «контентті» тоқтату үшін, заманауи аппараттық-бағдарламалық жабдықтар қажет екенін айтты. Сондықтан кешенді жоспарда тиісті құралдармен қамтамасыз ету көзделіп отыр («Аргус», «Айрис», «Тритон»).


"Олар әлеуметтік желілер немесе сайттар арқылы есірткінің таралуын анықтауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Кибернадзор» жүйесі сайттар ашылса, оларды онлайн түрде бұғаттайды, яғни жасанды интеллект өзі анықтап, дереу тосқауыл қояды. Сонымен қатар сайтты ұйымдастыратын және оны пайдаланатын адамдарды анықтауға мүмкіндік болады", - деді Марат Ахметжанов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: