Батыс Қазақстан облысында 5 үйден су толығымен сорылды
Тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 3 мыңға жуық дана қапқа инертті материалдар салынып төселді, 30 мың текше метрден астам су сорылды, 11 учаскеде су бұру үшін траншея қазылды.
Дерқұл және Шаған өзендерінің жай-күйін бағалау мақсатында ЖАО, ТЖД, Қазгидромет, Қазсушар өкілдерімен бірігіп "Орал қаласы-Бәйтерек ауданы" бағыты бойынша әуеден барлау жүргізілді.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ күштері мен құралдары жұмылдырылып жатыр.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қалған эвакуацияланған 28 адам уақытша эвакуациялау пункттеріне, 205 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 280-ден астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.
40 үй су астында қалып отыр. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.