Алматы облысында үш жасөспірім 49 жастағы ер адамды ұрып-соғып, жансақтау бөліміне түсірген
Сурет: almatytv
Алматы облысында 3 жасөспірімнен оңбай таяқ жеген 49 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оқиға тура бір апта бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 3 жасөспірім 49 жастағы ер адаммен ерегісіп, артынан оны соққыға жыққан, деп хабарлайды Zakon.
"Алматы" телеарнасының хабарлауынша, соққы салдарынан зәбір көргеннің түрі адам танымастай өзгерген. 7 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиғанымен, өздігімен ас іше алмайды. Сондықтан дәрігерлер түтікшемен тамақ беріп отыр.
"Бастың, кеуде қуысының жабық жарақаты, мидың соққыға ұшырауы, қабырғаларының сынуы және сол жақ бүйректің зақымдануымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр және бірқалыпты. Жасанды аппаратпен демалады". Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Бекқабұлов
Жергілікті полицейлердің айтуынша, күдіктілер оны ұрған жерінде тастап кеткен. Жақын маңдағылар байқап қалып, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруханаға түскен сәтте болған оқиға полицияға хабарланған. Кейін 3 жасөспірім қолға түскен.
"2006, 2007 және 2008 жылы туған 3 күдікті ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр". облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдіғани Ибраимов
Құзырлы орган өкілдері қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жәбірленуші емін-еркін сөйлей алатындай хәлге келгенде, одан да оқиғаның қалай болғаны сұралады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 3 күдікті кәмелет жасына толмауына байланысты сотқа дейін үйіне жіберілген. Егер олар кінәлі деп танылса, жазасын өтейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript