Өскеменде хайуанаттар бағындағы қасқыр баланы тістеп алды
10 жасар қыздың ата-анасының айтуынша, қызы жануарды сипамақ болған. Осы кезде жыртқыш қыздың саусағын тістеп алған. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.
Баланың анасы зообақта шарбақ 20-30 сантиметр ғана екенін айтты.
"Мен өз кінәмді жоққа шығармаймын, менің де қатысым бар. Балаға қарамай қалдым, мойындаймын. Бірақ бұл жерде де қауіпсіз емес екенін айтқым келеді. Кейбір камерада торлар жыртылған. Осыдан басқа балалар зардап шеге ме деп қорқамын. Өйткені мұнда бұрын да осындай жағдайлар болған", - деді қыздың анасы.
Қыздың әкесі қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етіп отыр. Оның сөзінше, жануарлармен байланысқа жол берілмеуі керек. Ата-ана полицияға арызданған.
Сол жағалаудағы саябақ әкімшілігі бақтың хайуанаттар бағы мәртебесі жоқ екенін хабарлады. Бұл - Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі бөлімі. Мұнда 320 жануар бар. Барлық жыртқыш қоршауда тұр. Барлық жерде ескерту белгілері орнатылған. Бірақ келушілер оларды елемейді. Қазір қайта құру жүргізіліп жатыр. Келушілердің қауіпсіздігі үшін бақылау алаңдары салына бастады.
"Жануарлар өзін жайлы сезінуі үшін, ең әуелі келушілерге қауіпсіз болуы үшін біз қоршауларды кеңейтіп жатырмыз. Бақта тұяқтылар, түйелер мен понилар үшін бақылау алаңы бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жануарды тамақтандыруға, оны сипауға, оған тиісуге болмайтынын айтқым келеді.Шығыс Қазақстан облысы жануарлар дүниесі департаментінің биологы Юлия Павлиенко