Экологтар ШҚО-да Қызыл кітапқа енген құстар жойылып бара жатқанын айтып, дабыл қақты
Сурет: Zakon.kz
Орнитологтар Шығыс Қазақстан облысында қызыл кітапқа енген құстардың популяциясы төмендеп бара жатқанын айтады. Әсіресе бүркіт, сұңқар, қаршығалардың қатары сиреп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар 24-тің" мәліметінше, мысалы, биыл ғалымдар шығыс өңірден 90 дуадақ санапты. Ал былтыр олардың саны екі есе көп болған екен. Сондай-ақ, шәукілдектер де 2000 жылдардың басынан бері 5%-ке азайған. Өңірдегі орман-тоғайлардың жойылып бара жатқаны құстарға тікелей әсер етеді.
"Орман шаруашылықтарында өрт ошақтарын жедел жоюға қажетті техникалар жеткіліксіз. Ал Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қоршаған ортада не болып жатқанынан жете білмейді. Сондықтан салаға жауапты мемлекеттік қызметшілер экологиялық сауатттылықтарын арттырып, жағдайға байланысты заң шеңберінде шара қабылдай алатындай болуы керек".Облыстық Экологиялық қауіпсіздік орталығының жетекшісі Геннадий Корешков
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript