Бұқтырма су қоймасында екі балықшы құтқарылды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Екі жеркілікті тұрғын балық ауламақ болып Бұқтырма су қоймасына резеңке қайықпен шығып кеткен. Оларды жел жағадан аулаққа алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс жағдай 27 маусымда Славянка ауылы маңында болған.
Құтқарушылар шұғыл түрде моторлы қайықпен балықшыларды іздеуге шықты.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар балық аулауға шыққан жерден 4 шақырым жерден табылып, жағаға жеткізділді.
14 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында балықшылар құтқарылды. Зайсан көлінде мұз жарылып, екі тұрғын суға батып кете жаздаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript