"ӨКМ операторының" қағаз жүзінде құрылтайшысы болған Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды
Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
"ӨКМ операторы" ісі бойынша іздеуде жүрген Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 5 шілде күні мәлімдеуінше, аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған "ӨКМ операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы делілетін Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды.
"Шынар Мұқтарова Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін іске асырып жатыр", – делінген Агенттік хабарламасында.
2022 жылғы 1 сәуір күні 13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript