"Тікұшақтар 120 рет су төкті". ШҚО-да орман аумағындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру жалғасуда, тікұшақтар көктен 120 рет су төкті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруді қалың, тұтаса өскен шөп, тау, жартасты жерлер қиындатып жатқаны нақтыланады.
"Қазавиаорманқорғауға" тиесілі МИ-2 тікұшағымен өрт болған орынды әуеден шолу, тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта ашық от байқалмайды, жекелеген жерлерде түтін нүктелері бар."Қазавиақұтқару" МИ-8, Қорғаныс министрлігінің МИ-17 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 тікұшақтары су төгетін құрылғылардың көмегімен өртті аспаннан сөндіруде, барлығы 120 рет су төгілді". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өртті сөндіругео рманшылардан, өрт сөндірушілерден және жергілікті атқарушы органдардан 250-ден астам адам, 35 бірлік техника, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның, ШҚО авиабөлімшесі, Қазавиаорманқорғаудың 5 тікұшағы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript