Өскеменде әйел беті ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті
Сурет: видеодан скриншот
Өскеменде әйел адам ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай Қабанбай батыр мен Новаторлар көшесінің қиылысында болған.
"1972 жылы туған әйел серуендеп жүрген кезде байқамай құдыққа құлап кеткен. Жанындағы ер адам ТЖ қызметін шақырған", – делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері құтқару жабдығымен әйелді шамамен 5 м болатын кәріз құдығынан шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript