Жаңалықтар тізбегі
0

LIDER қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

LIDER қаржы пирамидасы, Қазақстан, Бас прокуратура, Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 16:16 Сурет: freepik
LIDER қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Украинадан экстрадицияланды. Тергеушілердің мәліметінше, ол 240 азаматқа 1,2 млрд теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның 12 қазан күнгі мәліметінше, Украина Бас прокурорының кеңсесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының LIDER қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген азаматты ұстап беру туралы өтінішін қанағаттандырды.Ол 2017-2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан зардап шеккен 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін, ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, салдарынан халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың тамыз айында күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады".Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

2023 жылғы 27 қыркүйек күні Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған қазақстандық күдіктіні экстрадицияланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: