Кибералаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен Тоқаевтың бейнежазбасын өңдеп, елді алдауға кірісті
Сурет: akorda.kz
Әлеуметтік желілерде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео таралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stopfake.kz мамандары видеоны дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтады.
Сондықтан мұндай хабарламаға сенудің қажеті жоқ.
Бір де бір БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпарат жоқ.
Бұл жөнінде ҚР президентінің ресми сайтында да жазылмаған.
"Таралған хабарламаға сенбеген жөн. ҚР Президентінің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ", – делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript