Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында зейнеткер жалған полицейге сеніп, 1,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 17:55 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының полицейлері зейнеткердің алаяққа сеніп, айырылып қалған ақшасын қайтарып берді.

24 қазан күні "102" пультіне Рудный қаласының 92 жастағы тұрғыны алаяқтардан зардап шеккендігін хабарлады. Оның үй телефонына қоңырау түскен.

Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын айтқан. Әйел бірден 1,5 миллион теңгесі бар пакетті курьерге тапсырды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша хабарлама тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Полиция сыртқы бақылау камераларын пайдалана отырып, дроппер мінген көлікті анықтады. Кейінірек олар ақшаның облыс орталығы – Қостанайға аударылғанын білді. Сол күні екі жас жігіт ұсталып, ақша зейнеткерге қайтарылды. Күдіктілер 200 мың теңгені жұмсап үлгерген. Олардың бірі осындай әрекеттері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған", – дейді криминалдық полиция қызметкері Мадияр Тәжин.

Зардап шеккен кейуананың немересі қылмысты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді.

Полицейлер кезекті мәрте облыс тұрғындарын қырағы болуға және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: